Қазақстан EXPO-2017 өткізуге шамамен 165 млрд теңге инвестиция тартты


деп хабарлады компания жетекшісі Талғат Ермегияев.
"Бүгінгі күнде тартылған инвестиция сомасы 127 млрд теңге. Жуық күндері ғана корейлік компаниямен кездестім, олар 200 млн доллар инвестициялауға дайын, мен олармен келісімшарт жасасуға тапсырма бердім”, деді ол "Интерфакс-Қазақстанға".
"Жалпы, EXPO-ға инвестиция қосып отырған шетелдік үш компания бар, бірлескен компаниялар бар, бірақ негізінен қазақстандық инвестициялар басым болып отыр”, деді ол.