Қазақстан фермерлер одағы: Астық қабылдау/өткізу ашық болуға тиіс

Таралған ақпаратта атап өтілгендей, элеватор мен астық қабылдау пункттерінің иелері цифрларды бұрмалап, өздеріне сақталуға өткізілген астықтың бір бөлігіне ие бола алады.

"Мәселен, фермер сақтауға ылғалдылығы 15 пайыз 100 тонна астық өткізді делік. Келісімде ол 13% деп көрсетіледі. Яғни, астық қабылдау пункті оны осы дәрежеге дейін құрғатуға тиіс. Бірақ іс жүзінде экспортқа қатысты бүкіл келісімшарттарда ылғалдылық 14 пайыз деп көзделген, яғни оны 13 пайызға дейін кептірудің еш қажеттілігі жоқ. Демек астық қабылдау пункті ылғал астықты онша ылғал емес астықпен араластырады. Соның нәтижесінде ол көрсетілмеген қызмет үшін ақы алады. Біздің мысалымызға орай фермер 1 тонна ғана астық жоғалтуға тиіс болса,ол 2 тонна жоғалтады, бірі сол пункттің қалтасында қалады", деді аталмыш одақтың басшысы Әуезхан Дарынов, оның сөздері хабарламада келтірілген.

Одақ сондай-ақ кезінде болған мемлекеттік нан инспекциясын қайта құру керек деп санауда, "одақтың инспекцияларын қадағалау тұрмақ кей элеваторларға жібермей де қояды", делінген онда.