Қазақстан Франциядан Мұхтар Әблязовті елге қайтарып беруді талап етпек

«Бірінші француздармен жұмыс істейміз. Бізді тиісті талабымызды ол жаққа жөнелттік», - дейді «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің Бас прокуратурадағы ақпарат көзі.

9-қаңтарда Экс-ан-Прованс қаласындағы апелляциялық сот француз прокуратурасының М.Әблязовты Ресей немесе Украина билігіне беру туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.

Сот қаулысында банкирді Ресейге экстрадициялануға басымдық берілетіні атап көрсетілген. М.Әблязовтың қорғаушылары бұл шешімге қарсы шағым жазатындарын мәлімдеді.