0:3 есебімен аяқталған ойын қазақстандық жанкүйерлердің жігерін тағы да құм етті.
Голдардың авторлары - Мирослав Клозе, Марио Гомес, Лукас Подольски. Нәтижесінде, төрт ойында төрт жеңіске жеткен Германия құрамасы өз іріктеу тобында көш басында. Ал бірде-бір жеңіске немесе тең ойынға қол жеткізе алмаған біздің футболшылар турнир кестесінің соңында тұр.
Фавориттер қатарында болған Түркия құрамасы Әзірбайжан командасына есе жіберіп алды. Түріктердің бас жаттықтырушысы Гус Хиддинк пен оның жасағы әзірбайжандықтардан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы «А» тобында өнер көрсетуде, онда Германия, Бельгия, Түркия, Австрия, Әзірбайжан командалары бар.
Қазақстан-германия матчы кеше, қазанның 12-сінде елордалық «Астана Арена» стадионында өтті. Қазақстан бұған дейінгі алғашқы іріктеу ойындарында, атап айтқанда, қыркүйектің 3-і күні - Түркия командасынан 0:3 есебімен, және 7-сінде - Австрия командасынан 0:2 есебімен, ал қыркүйектің 9-ында бельгиялықтардан 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді.