Қазақстан ғарыш зымырандарын сынақтан өткізуді бастамақ

Хаттамаға 2018 жылдың 22 тамызында Мәскеуде қол қойылды. Құжатта «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін пайдалану бойынша жобаны жүзеге асырудың негізгі талаптары ескерілген.

«Хаттама ережелеріне сәйкес, ресейлік тарап қаржыландыру мен зымыран тасымалдағышты құруды қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан жағы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қолданыстағы жер үстіндегі ғарыш инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыруды іске асырады. Хаттама «Зенит-М» нысандарын арендадан шығаруды және оларды қазақстандық тарапқа өткізуді, орта санаттағы зымыран тасымалдағышқа көшуді, сондай-ақ ұшыру сынақтарын 2022 жылы бастауды қарастырады», - деді Мәжілістің Экология мәселелері және табиғит пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский палатаның жалпы отырысында.

Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін әзірлемек.