"Басқа елдердің істеп жатқанын қайталаудың қажеті жоқ. Рынокта, соның ішінде ғарыш игеруде де өзімізге тиесілі орынды тауып иемдену керек",- деді Д.Мырзақожа. "Әдетте ғарышқа адамдар мен тірі организмдер жол тартады. Ал біз Байқоңырда ғарышқа жүк тасымалдаудан ғана триллиондаған доллар таба алар едік",- деді ол.
Ол осы орайда жүк тасымалының "жоғары қауіпсіздік деңгейін" талап етпейтіндігіне байланысты шығыны аз екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті