Қазақстан ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет білдірген Жапония компанияларына қолдау көрсетуге дайын

"Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына келуге және ғылымға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет еткен жапондық компанияларға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді", - деп атап көрсетілген баспасөз-релизінде.

Біздің еліміз Жапониямен жоғары технология саласында және Қазақстан экономикасына жапон инвестициясын әкелу тұрғысында аса мүдделі. Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына келуге және ғылыға негізделген өндірістерге инвестиция салуға ниет ететін жапондық компанияларға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

"Жапония кәсіпкерлері қайта өңдеу кешені, машина жасау, энергетика, көлік және коммуникация инфрақұрылымы, құрылыс салаларындағы жобаларға қатыса алады", - деді президент.

Бұл орайда мысал ретінде Н.Ә.Назарбаев "Қазақатомөнеркәсібі" мен "Тошиба" компаниясының ынтымақтастығын оңды үлгі ретінде атап өтті.