«Грузиямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, нығайтуға Қазақстан мүдделі. Оның маңызды сауда және саяси серіктес ретіндегі мәртебесін сақтауды біз көздеп отырмыз», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, бүгінгі екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде транзит, көлік, әлеуметтік даму, кең ауқымды шарттық құқықтық база құру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар аясын ұлғайту мәселелері тұр.