Қазақстан Грузияның көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салмақшы

Д.Ахметовтың айтуынша, "Грузия экономикасына инвестиция жұмсауға Қазақстан ықпалды шаралар қолдана алады". "Бүгінде "Қазақстанның даму банкі" алыс шетелдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктеріне ие болды",- деді үкімет басшысы.

Қазақстан Ақтау-Баку-Поти-Батуми жүйесін дамытудан мүдделі. "Біз үшін бұл -стратегиялық бағыт",- деді Д.Ахметов. "Хромтау-Алтынсарин темір жол желісін тарту арқылы бұл бағыттағы жүк айналымы бірнеше есе өсуі тиіс",- деді ол.
Үкімет басшысының пікірінше, екі ел арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық "Баку-Тбилиси-Жейхан халықаралық құбыр жүйесінің тиімді жұмысына байланысты болмақ". "Біздің пайымдауымызша жүйе Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры деп аталуы тиіс. Біздің елдер үшін көмірсутегі шикізатын транзитті тасымалдау мүмкіндіктері дәл осы бағытта қалыптасады",- деді Д.Ахметов.
"Қазақстан мұнай тасымалы, соның ішінде Қазақстан мұнайын еліміз арқылы түрлі бағытта тасымалдаумен шұғылданатын бірлескен транспорттық компания құру жайындағы келіссөздерге дайын",- деді ҚР үкімет басшысы.