Қазақстан Грузияның Поти айлағында астық терминалын салудан бас тартты - Күрішбаев (толық нұсқасы)

"Поти жобасынан біз бас тартып, республика үкіметіне бұл ақшаны жүзеге асыра алмайтындығымызды және осымен тоқтай тұру қажеттігі жөнінде хат жаздық", - деді А. Күрішбаев.

"Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы Потидегі құрылыспен айналыспайтын болады, бұл мәселе халықаралық проблемалармен, соның ішінде Грузиядағы жағдаймен тығыз байланысты екені белгілі", - деді ол.

Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов өз сөзінде Поти айлағында астық терминалын салуға арналған ақшаны Қазақстанның ауылшаруашылығы өнім өндірушілерін қолдауға жұмсау қажет деген ұсыныс айтқан.