Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан бірінші рет осы рейтингке қатысып отырғанына қарамастан, ТМД елдерінен қатысып жүрген Ресей мен Украинаны басып озды.
Қазақстан басты төрт фактор бойынша мынадай орындарға ие: үкіметтің тиімділігі - 24 орын, бизнестің тиімділігі - 31 орын, инфрақұрылым - 46 орын, экономикалық тиімділік - 50 орын.