"Қазақстан инжиниринг" басшысының бұрынғы орынбасарын үйқамаққа ауыстырылды

"Есіл аудандық соты 26 мамырда қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын үйқамаққа ұстауға өзгертті. 6 маусымда сот тергеу органының өтінішін қарап, қанағаттандырды" деді соттың баспасөз қызметінде.

41 жастағы Қанат Сұлтанбековқа қатысты тергеу "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы толық айтылмайды.

Сұлтанбеков компания басқарма төрағасының орынбасары қызметін 2015 жылдың ақпанынан бері атқарған. Компанияның бірден-бір акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры саналады. Компания 2016 жылдың желтоқсанынан бері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқаруында.