"Қазақстан Инжиниринг" халықаралық рыноктарға шықпақ

Компаниядан атап өткендей, шетелдік рынокқа қазір жүргізіліп отырған қызметті дамыта отырып және әлемнің жетекші машина құрылысы компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы шығу көзделген.

Халықаралық рынокты кеңейту "Қазақстан Инжиниринг" компаниясын 2013-2022 жылдары дамыту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

"Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына енген, Қазақстан қорғаныс министрлігінің басқарылымында.