Қазақстан ипотекалық компаниясы ипотекалық несиелерді рәсімдеуде алаяқтық оқиғаларының жиілеп кеткенін ескертеді



"Егер сіздер Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламасына сәйкес ипотекалық несие алуға ұйғарсаңыз, онда, компанияның несие алушылармен тікелей жұмыс істемейтінін білгеніңіз абзал. Демек, ипотекалық несие алу туралы келісім-шарттарына компания қол қоймайды",- делінген компанияның азаматтарға арнаған мәлімдемесінде. Несие туралы ипотекалық компанияның әріптес банктері ғана шарт жасаса алады, деп ескертеді компания.

"Әріптестер - екінші деңгейлі банктер мен банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар",- дейді баспасөз қызметі. "Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламасына сәйкес ипотекалық несие алған жағдайда жаңсақтыққа жол бермеу үшін ипотекалық несие жөніндегі келісім-шартын баспана сатушылармен, құрылыс компанияларымен және риэлторлармен жасасуға болмайды",- дейді компаниядағылар.