Баспасөз қызметінен хабарлауынша, компанияның әрқайсысы 10 мың теңгеге бағаланған 100 мың дана қарапайым атаулы акциясы алдағы бірнеше айда биржалық саудаға шығарылады.
Компания активтері 2,8 млрд. теңгені, жеке капиталы 1,7 млрд. теңгені, несиелік қоржыны 2,2 млрд. теңгені құрайды.
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ еліміз үкіметі тарапынан бекітілген тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және елімізде ипотекалық несие беру жүйесін дамыту жөніндегі концепцияға сәйкес құрылған. Компанияның құрылтайшысы ҚР Ұлттық банкі болып табылады .