ЖАҚ-на қаржылық агенттік мәртебесі берілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 13-тамызда компаниядан хабарлады.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, қаржылық агенттік мәртебесі "ипотекалық несие беру жүйесін дамыту мақсатымен тартылатын несиелердің мерзімін ұзарту және олардың құнын арзандату үшін компания облигацияларының инвестициялық тартымдылығын едәуір арттыруға жағдай жасайды".
2003-жылдың 2-шілдесінде жарық көрген "Бағалы қағаздар туралы" заңда атап көрсету бойынша, қаржылық агенттік дегеніміз- Қазақстан заңдарына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға уәкілетті және осы мақсатта Қазақстанның қаржылық рыногі мен халықаралық қаржылық рыноктан несиелер алып жекелеген банкілік операцияларды жүзеге асыратын банк немесе ұйым болып табылады. Қаржылық агенттіктің ел ішіне және шетелдерге шығаратын облигациялары агенттік облигациялары болып саналады.
Республикалық салық заңдарына сәйкес агенттік облигацияларымен жүргізген операциялардан түскен пайда кіріс салығынан және кіріс көзінің жанындағы салықтан босатылады.
Компания активтері 2,8 млрд. теңгені, жеке капиталы 1,7 млрд. теңгені, несиелік қоржыны 2,2 млрд. теңгені құрайды.
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ еліміз үкіметі тарапынан бекітілген тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және елімізде ипотекалық несие беру жүйесін дамыту жөніндегі концепцияға сәйкес құрылған. Компанияның құрылтайшысы ҚР Ұлттық банкі болып табылады .