Қазақстан ірі қара мал етінің экспортын 14 есеге ұлғайтты

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды.

«Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны ұлғайды. 2013 жылмен салыстырғанда ет өндірісі 3,2 пайызға өсіп, 898,9 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар сиыр сүтінің көлемі 2,6 пайызға өсіп, 5021,1 мың тоннаны қамтыды»,- делінген ҚР АШМ мәліметінде.

Атап айтқанда, Қазақстан соңғы бес жылда алғаш рет ірі қара мал етінің экспортын 14 есеге ұлғайтып, шамамен 12 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттады.

Белгілі болғандай, «Алтын асық» қой шаруашылығы мен «Құлан» жылқы шаруашылығы бойынша несиелік бағдарламалары арқасында фермерлік шаруашылықтармен 83,8 мың қой және 11,6 мың жылқы алынды. «Ырыс» бағдарламасы аясында 1800 мал басы бар 19 сүтті-тауарлы ферма қаржыландырылды.