Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ - Н.Назарбаев

«Біздің қазіргі экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер - сыртқы нарықтың әсері. Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ. Біз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алдық. Оны халық біледі», -  деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, қолға алынған шаралардың ішінде нақты жоба, жоспарлар бар. Ол жоспарлар қатып қалған қасаң қағидалар емес.


«Ең жақсы жоспарлар заманға байланысты икемделіп, бейімделе білуі керек», -  деді Н.Назарбаев.