Қазақстан "Ислам конференциясы" ұйымының нығаюын қолдайды

Наурыздың 13 мен 14 күндері Сенегал астанасы Дакарда "Ислам конференциясы" ұйымының 11-ші саммиті өтті. Оған ҚР СІМ, Қазақстан президентінің арнаулы өкілі Марат Тәжин басқарған еліміз өкілдері қатысты.

Өз сөзінде сыртқы істер министрі ұйым жұмысыны негізгі бағыты - экономикалық , инфрақұрылымдық, ағартушылық жаңғырту және мұсылман елдерінің бәсекеге қабілеттілігін жан-жақты арттыру болуға тиіс, деп атап өтті.

Ұйымның басты принципі ретінде Исламдық ынтымақтастық тиімді сауда-инвестициялық, технологиялық, әлеуметтік және басқа да көмеккке мұқтаж елдерге қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы көрініс беруге тиіс.

"Қазақстан мұсылман әлемі елдерінің тиімді әрі беделді форумы ретінде "Ислам конференциясы" ұйымының нығаюын қолдайды, бейбітшілік пен ілгерулеушілік діні- исламның гуманистік принциптерінің негізінде оны модернизациялау мен реформалауға бағытталған қазіргі күш -жігерді жақтайды. Қазақстан ұйымның бекемдігі мен сенімділігін, оның болашаққа бағдар ұстағанын паш ететін жаңа жарғысының жобасын жасауды қолдайды", -деді министр.

ҚР СІМ-нің хабарламасына сәйкес, Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы ұсыныстары саммитқе қатысушылардың көңілінен шығып, қызығушылығын туғызды. Қазақстан осы ықпалы зор, еуропалық құрылымға төрағалық етуге сайланғаннан кейін ұйымның ислам әлемімен ынтымақтастығын кеңейту ұсынылып отыр. Қазақстан дипломатиясының басшысы саммитке қатысушыларды Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы қызметінің 2010 жылғы күн тәртібін әзірлеуге атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ, мұсылман және батыс елдері арасындағы байланысты күшейту, өзара түсіністікті нығайту мақсатында осы жылдың қазан айында Астанада "Ортақ әлем: саналуандық арқылы прогресс" деп аталатын Сыртқы істер министрлері деңгейінде халықаралық форум өтеді. Қазақстан Сыртқы Істер Министрі қызығушылық білдірген мұсылман елдерін жиынды ұйымдастыру шараларына қатысуға шақырды.

Қазақстанның өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі жайлы сөз қозғанан Марат Тәжин өзінің өзектілігі мен қажеттігін дәлелдеген Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шақыру бастамасын атап өтті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір осы Қазақстандық форумға 18 ел біріккен, олардың халқының саны жер беті тұрғындарының жартысын құрайды. Өз баяндамасында Марат Тәжин "Ислам конференциясы" ұйымына Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымынң қолдап қарар қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.

Сонымен бірге, СІМ өз сөзінде 2009 жылы Астанада БҰҰ-ның қолдауымен Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің III съезін өткізу көзделіп отырғанын атап өтті. Бұған қоса Қазақстанның ядролық қару таратпау саласына қосқан үлесі жан-жақты әңгімеленді.

СІМ баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, ""Ислам конференциясы" ұйымының 11-ші саммиті барысында адамзат дүниесіне әлемдік мәдениет пен ғылымға өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалардың шоғырын сыйлаған және әлемдегі ең жас әрі гуманистік дінге саналатын діннің беделін жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелер сараланды. Форумға қатысушылар БҰҰ-мен және басқа да құрылымдармен бірлесе отырып осы бағытта жұмыс жүргізу қажеттігін бірнеше мәрте атап өтті".

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, "Ислам Конференциясы" ұйымының бас хатшысы Экмелледин Ихсаноглу, сондай-ақ, саммитке Азия мен Африкадағы мұсылман елдерінің атынан қатысқан басқа да жоғары лауазымды қатысушылар түрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы құндылық бағдарларда беоең алған қарама-қайшылықтарды жобаға бағытталған нақты ұсыныстатын ортаға салды. "Осы тұрғыда "Ислам Конференциясы" ұйымын қазіргі қауіп-қатерлерге сәйкес реформалаудың маңызы зор.Саммитке қатысушылар ұйымның жаңа жарғысының жобасын жаңғыру жолындағы бір қадам ретінде қарастырды", - делінген баспасөз баянында.

Форумда талқыланған тағы бір өзекті мәселе - мұсылман үмметінің экономикалық, әлеуметтік ж"әне мәдени әріптестігі болды. ""Ислам Конференциясы" ұйымына қатысушы елдердің ынтымақтастық әлеуметі ұлығаусар, ол толық пайдаланылмай отыр. Осы тұрғыдан қатысушылар мұсылман елдерінің ғылыми қауымы арасындағы ынытмақтастықты дамыту қажеттігін, жастармен арадағы жұмысқа айрықша назар аударуға, әйелдердің ролін күшейтуге, экологиялық жобаларды жүзеге асыруға, дағдарысты аймақтарға инвестициялар тартуға баса көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті", -делінген баспасөз баянында.