«ЕҚЫҰ төраға ретінде мол тәжірибе жинақтаған Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының СІМ Кеңесіне жетекшілік ету барысында Ұйымның барлық проблемалары бойынша жан-жақты диалог орнатуға барын салады», - деді ол Ұйымның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.
Елбасының айтуынша, Астананың диалог алаңы «Батыс пен Шығыстағы жергілікті дінаралық қақтығыстарды шешуге және алдын-алуға» ықпал ете алады.
«Біздің еліміз Ұйымның беделін арттыруға барынша күш салады», - деп мәлімдеді президент.