Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады - СІМ мәлімдемесі

Зорлықтың ары қарай күшеюі шиеленіске қатысушы қос тарап пен әлемдік қауымдастықтың аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға ұмтылған талпыныстарын үзіп, Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа алып келеді.

"Израиль мен Палестинаны бейбіт келісім жүргізіп, қантөгісті тоқтатуға бағытталған шараларды қолға алуына шақырамыз.  

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бастамалары мен келісілген қадамдарына қолдау білдіреді. Оның ішінде БҰҰ шеңберінде көп жылдық шиеленісті реттеп, қос жақты да қанағаттандыратын талаптар қарастырылған ұсыныстар да бар", делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде. .