Бүгін Ақордада Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайлден сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазақстан үшін Канадамен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың мәні зор. Бізді жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, экономика, энергетика, сауда және инвестиция саласындағы өзара үндестік жақындастырады», - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының айтуынша, Канада Қазақстанның Америка құрлығындағы, Ал Қазақстан - Канаданың ТМД елдері арсындағы маңызды сауда серіктесі.
«Біздің елде канадалық 170 компания, 40-қа жуық компанияның өкілдігі жұмыс істеуде. Олар тау-кен өндіру өнеркісібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыс және білім саласында жұмыс істейді. Біз, әсіресе, атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталымыз», - деді Н.Назарбаев.