"Алдағы сайлауда Назарбаевтың жеңіске жетуі, оның саяси қырағылығы мен қажырлылығы ғана Қазақстанның болашақ дамуына тікелей кепіл бола алады",- деді сьезде сөз сөйлеген Қазақстан кәсіподақ ұйымдары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев.
"Біз Елбасының сөзі мен ісі бір-бірінен алшақ кетпейтініне сенеміз және оған көзімізді жеткіздік",- деді С. Мұқашев құрылтай шешіміне берген түсініктемесінде. Ол кейінгі жылдары Қазақстанда кедейлік шегінен тысқары өмір сүретін адамдардың саны 2,5 есе азайғанын атап өтті. "Соңғы 7 жылда жұмысқа қамтылған адамдардың саны 1,5 млн. адамға артып, ең төменгі жалақы 3,8 есе өсті, ол ең төменгі күнкөріс минимумынан 30 проценттей жоғары және осыдан жеті жыл бұрын орташа жалақы 9 680 теңге болса, қазір ол 35 мың теңгеден асты",- деді кәсіподақ ұйымының жетекшісі. "Білім беру саласына жұмсалатын шығындар 2 еседен астам, ал денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар көлемі 3 есе өсті".
"ТМД аясындағы бір елде де мұндай көрсеткіш жоқ. Біздің бауырлас елдердегі ұлттық кәсіподақ ұйымдарында істейтін әріптестеріміз қазақстандықтарға шынымен қызығатынын жасырмайды. "Сіздің президенттеріңіз бізге бітсе ғой" деп тіпті ағынан жарылады",- деді С.Мұқашев.
i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті