Қазақстан кәсіподақтары үкіметтен бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етті

Оның айтуынша, үкімет басшысына жолданған хатқа Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Мұқашев қолын қойған.

"Егер 1 қыркүйектен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысы ұлғайтылмаса, кәсіподақтар жаппай қарсылық акцияларына шығуға дайын", - деп хабарлады А. Мадиярова. Оның айтуынша, бұл талапты кәсіподақ жетекшілері көктемде қойған. Ол кезде олар бүкіл ел аумағында жаппай қарсылық шерулеріне шығуға ниет танытқан. Алайда, А. Мадиярованың айтуынша, Астанадағы үйлестіру кеңесі оларды күте тұруға көндірген.