"Біз Каспий айдынын ішкі сулар, аумақтық теңіз (кемінде 12 теңіз милі), балық аулау аймақтары (25-30 теңіз милі) мен ортақ су кеңістігі деген принциппен бөлісуді ұстанамыз. Біздің пайымдауымызша, аталмыш вариант ең тиімді және барлық Каспий жағалауы елдерінің мүдделеріне сай. Сонымен қатар, көрсетілген аймақтардың атауларына емес, олардың ені мен құқықтық режиміне аса назар аудару қажет",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
"Аймақтық теңіздің сыртқы шебі, біздің пайымдауымызша, мемлекеттік шекара болып табылуға тиіс",- деп санайды ол.
Қазақстан елбасының пайымдауынша, "осы аймақтардағы барлық балық аулау құқықтарына тиісті тараптар ие болуға тиіс". "Каспий жағалауындағы елдер ашық теңізде келісілген балық аулау квотасы мен кәсіпті лицензиялау негізінде балық аулау және кеме қатынастарының бостандығы құқығына ие болады",- деп түсіндіріп өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті