"Біз Қазақстан өзінің жүктерімен және құбырларымен Ресейді айналып өтуде дегенді бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі естиміз. Біз мүмкіндік берілсе, ешкімді де, әсіресе Ресейді, айналып өтпейміз", - деді Н. Назарбаев. Атап айтқанда, Каспий және Азов-Қара теңіз бассейндері арасында жаңа бағыт салыну қажет.
Бұл ретте Н. Назарбаев каналды бүкіл Орта Азиядан, мүмкін тіпті Батыс Қытайдан бастап салуға болатынын атап көрсетті. Онда бүкіл жүк Қара теңізге Ресей аумағы арқылы жетеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл күрделі мәселе. "Қаржылық жағынан алып қарағанда бұл толығымен екпінді жоба және жеке қаражаттарды табуға болады", - деп ескертті Қазақстан президенті. "Дегенмен, бұның айналасында, әдеттегідей, әртүрлі ведомстволардың бюрократиялық мүдделері бар. Еділ - Дон каналын жөндеу, ретке келтіру, ұланғайыр қаражатты жұмсап, нәтижеге қол жеткізбеу", - деп түсіндірді Н. Назарбаев.
"Алайда сарапшылар өздерінің соңғы сөздерін айтулары тиіс. Менің ойымша, бұл барлығына да пайдалы болатын жоба", - деп сендірді президент.
Өз кезегінде Д. Медведев тараптар екі жобаның да техникалық-экономикалық сипаттамаларына сараптама жүргізуге келіскендерін, оны өткізуге ақша қаражаты арнайы резервке қалдырылғанын айтты. "Осы сараптама қорытындысы бойынша біз шешім қабылдайтын боламыз. Қалай болса да, бұл Ресей мен Қазақстанның пайдасына болады", - деп сөзін қорытты ол.
Естеріңізге сала кетсек, Ресей қазіргі Еділ - Дон каналының жаңа бағытын дамытуды қолдаса, Қазақстан жаңа бағыт бойынша одан да қысқа жолды салуды ұсынған. Еділ-Дон каналының екінші желісі 1500 шақырым болса, Еуразия каналы 700 шақырымға тең. Еуразияның өткізу қабілеті 45 млн тонна болса, Еділ - Дон каналы 16 млн тонна. Екі жобаның да алдын ала болжамдағы құны шамалас және өткен жылдың ортасында шамамен 4,5 - 5 млрд евроны құраған.