"Парламент кешегі отырыста Әзербайжанмен арадағы келісімді бекітті, онда мұнай өнімдерін тасымалдаудың Қазақстан -Каспий жүйесін құруды жеделдету көзделген", -деді С. Мыңбаев.
"Жоба уақытылы жүзеге асырылған жағдайда біздің мұнайды БТЖ жүйесіне жеткізу көлемі жылына 23 млн тоннаны құрайды", -деді ол.
"Жүйені құрудың тұжырымдамалық бөлігі құқықтық тұрғыда толық реттелген және енді біз ұлттық компаниялардың деңгейінде техникалық уағдаластықты жеделдете атқаруға тырысатын боламыз", - деді министр.