"Қазір біз Грузиямен Қазақстанның мұнай өнімдерін Грузияның инфрақұрылымдық компанияларының қызметін пайдалана отырып әлемдік нарыққа жеткізу мүмкіндіктері жөнінде Грузиямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл бірінші кезекте темір жол және мұнай құбырларын басқару мәселелелеріне қатысты", -деді Қ. Бозымбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан "өз мұнайын Қара теңіздің жағалауындағы елдердегі тұтынушыларға жеткізу үшін Грузияның инфрақұрылымдарын пайдаланудан мүдделі". "Егер Қазақстан осы бағытта жылына бірнеше ондаған миллион тонна мұнайды салыстырмалы түрде қымбат емес тасымал құнымен қосымша тасымалдау мүмкіндігіне ие болса, онда Грузия жағы транзит үшін ауқымды қаражат табатын болады", -деді "Самұрық" басшысы.
Сонымен бірге Қ. Бозымбаевтың атап көрсетуінше, тараптар әзірге осындай қосымша мүмкіндіктер бойынша қандайбір нақты мәмілеге келген жоқ. Сонымен бірге ол "ҚазМұнайГаз" компаниясының "бұдан бұрын сатып алынған Батумидегі мұнай терминалының барлық қуатын Қазақстан мұнайын тасымалдауға пайдалану ниетін" жария етті.