Қазақстан Каспий теңізіндегі әскери-теңіз іс- шараларын шекаралық теңіз бөлімшелерімен ғана шектеуді ұсынады - Назарбаев

"Қазір біз Каспий теңізіндегі әскери-теңіз шараларын шекаралық мекемелердің теңіздегі бөлімшелеріне жүктелетін мақсаттар мен функциялармен ғана шектеуді ұсынамыз", - деді Қазақстан президенті.

Президенттің пайымдауынша, "осы тұрғыдан алғанда Каспий теңізін қару-жарақ пен әскерилерден тазарту ең тартымды үлгі болмақ". "Бұл ұсыныспен бәрі де келіседі деп санаймын, сол себепті Каспий теңізіндегі қару-жарақты қадағалауға алу жөніндегі бес жақты тетік құру жөніндегі қазіргі бар идеяға назар аударғым келеді. Ол қауіпсіздікті сақтаудың бір кепілдігі болумен бірге түрлі шиеленістердің алдын алудың сенімді құралы бола алады", - деді Н. Назарбаев.

"Қазіргі ахуалды ескере отырып, сондай-ақ, энергия тұтынушы ірі елдердің стратегиялық мүдделері тоғысып жатқан осы өңірдегі геосаяси ахуалды ескере отырып, біздің елдеріміздің Каспий теңізіндегі ынтымақтастығы өзара тепе-тең, конструктивті әрі жауапты көзқарастардың үлгісіне айналғаны абзал", - деді ол.

"Қазақстан Каспий теңізі өңірінде меймандос қарым-қатынас орнатуға бағытталған өз саясатына адал. Бұған теңіздегі сенімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың іргетасы- тұғырын бекіту жөніндегі саммиттің қорытынды декларациясының жобасына қосқан біздің бастама да дәлел", -деді Қазақстан мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті