Қазақстан Каспий теңізінің өзіне қарасты бөлігінде түңғыш рет коммерциялық мақсатта мұнай өндіруді 2006-жылы қолға алады

"Алайда біз жобаны жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында ешбір қадам жасаған жоқпыз. Шельфті игеру әлдеқашан басталса да теңіздегі жобаларды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар әлі жасалған жоқ",- деді премьер-министр.

Даниал Ахметовтың пайымдауынша, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жобасы тым салғырт жүзеге асырылуда. Осыған байланысты үкімет басшысы тиісті министрліктер мен Ұлттық компанияларға Қазақстаннның теңіздегі жекелеген жобаларға атсалысу мүмкіндіктерін анықтауды, инфрақұрылым қалыптастыруға қажетті нақты шаралар жоспарын 2003-жылдың қыркүйегіне дейін жасап бітіруді тапсырды.