Қазақстан Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдауды ұсынады

"Каспий теңізінде өзара ынтымақтастыққа аса қолайлы жағдайлар жасау керек. Ол мемлекеттердің қауіпсіздігіне қандай түрде болмасын қатер төндіруге немесе бейбітшілікке нұқсан келтіруге жол бермеуге тиіс",- деді Қ.Тоқаев.

"Аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған біздің әрекеттеріміз халықаралық мақсат-мүддемен тығыз сабақтасуға тиіс. Осыған байланысты біз күш біріктіре отырып, Каспийдегі тұрақтылық пактісі түріндегі саяси құжаттың жобасын жасап, қабылдауды ұсынамыз. Онда лаңкестікпен, есірткі және қару-жарақтың заңсыз айналымымен, заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастық бағыттары қарастыруы қажет",- деді ол.
Қазақстан сыртқы істер министрі бұл құжатты "Каспий бестігі" мемлекет басшыларының екінші саммиті барысында қарауға ұсынуға болар еді", деп атап өтті.