"Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты көп жақты конвенцияға тез арада қол қойылады деп сенеміз",- деп мәлімдеді Қ.Тоқаев. "Қазақстан теңізді қоршай орналасқан барлық мемлекеттермен, соның ішінде екі жақты пікірталас аясында Иранмен де келіссөздерді жалғастыруға дайын",- деді ол.
"Каспий теңізі - достық, ынтымақтастық және диалогтың теңізіне айналуға тиіс. Каспий өңірі қарама-қарсы жан таласа қарулану мен бақталастықтан ада аймаққа айналуға тиіс",- деді ҚР СІМ.