Қазақстан кеденшілері бір апта ішінде 350 мыңға жуық контрабандалық доллар мен 230 мыңнан астам ресей рублін тәркілеген

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 9-қыркүйекте кеденшілер шекарашылармен бірлесе отырып "Қордай" өткелінде "Ленд Ровер" маркалы көлікпен Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған Ресей азаматын ұстаған. Көліктің ішін тексеру барысында артқы орындықтың астынан декларацияда көрсетілмеген 100 мыңға жуық АҚШ доллары табылып, тәркіленген.

Сонымен қатар, Павлодар облысының кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Ресейдің 43 жастағы азаматының үстінен Қазақстан Речспубликасының Қылмыстық Кодексінің 209-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Одан "Шарбақты" постынан кедендік бақылаудан жасырылып, декларацияда көрсетілмеген 236 500 ресей рублі тәркіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті