Х. Шудың айтуынша, Қазақстан биыл Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі өзінің үшінші есебін таныстыруда.
БҰҰ өкілі осы орайда "Қазақстандағы тұрақты экономикалық өсім кедейліктің азаюына және республика халқының тұрмыс деңгейінің көтерілуіне алып келе жатқанын" атап өтті.
Сонымен бірге Х. Шудың айтуынша, Қазақстанда бірқатар шешілмеген проблемалар да бар. "Атап айтсақ, республикада қала және ауыл тұрғындарының кірісінің арасында айырмашылық әлі де бар. Сондай-ақ, Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа кіріс көршілес елдермен салыстырғанда 6 - 10 есе жоғары екеніне қарамастан, күтілген өмір ұзақтығы, сәбилер мен аналардың өлімі секілді кейбір әлеуметтік индикаторлар көршілес елдермен деңгейлес, немесе, тіпті олардан да төмен", - деді ол.