Қазақстан кеңес одағының арқасында сауатты мемлекетке айналды – Асхат Асылбеков


Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Асхат Асылбеков «КАРАВАН» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бірақ КСРО тарап, тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік әділеттілік қағидаларынан айырылдық та, біздің қоғам әдептілік, адамгершілік дегеннен жұрдай болып қалды. Ақша мен құлқын алға шығып кетті. Мына жайтты ұмытпайықшы, «әділеттілік», «теңдік» деген ұғымдарға әлеуметтік және экономикалық талаптар деп қана қарамай, оларды кез-келген қоғамның іргетасы боп саналатын әдептілік қағидалары деп те қабылдау қажет. Әдептілік жоқ жерде кез-келген биліктің беделі төмендейді» дейді А.Асылбеков.