"Кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қырғызстанға көмектесетін кез-келген мәселені шешуге дайын екенін және екі жақты ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін білдірді", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов журналистерге берген сұхбатында.
"Яғни, Қазақстанның Қырғызстан үшін кез-келген мәселені қарауға дайын екендігі және оларды оң шешуге тырысатыны туралы саяси мәлімдеме жасалды", - деді ол.
"Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан арасында басқа елдердің қарым-қатынасына ұқсамайтын өзгеше қарым-қатынас бар екенін атап өтті. Н. Назарбаевтың айтуынша, өзара тауар айналымы алғаш рет жарты миллиардтық межеден асып, $531 млн құраған", -деді баспасөз хатшысы.
Н. Назарбаев сондай-ақ, екі елдің таяу уақыттарда тауар айналымын $1 млрд дейін жеткізуге мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.
Қазақстан Қырғызстан экономикасына инвестиция жұмсау жағынан ең белсенді инвестор болып табылады, ол шетелдік 49 инвестордың арасынан бірінші орында.