"Сайлау өтті. Сайлаушылардың 50 пайыздан астамы мәжіліс депутаттығынан үміткерлерге дауыс берді",- деді Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қаршыға Құлмұқанов дауыс беру қортындысын жариялай отырып.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, сайлаушылардың жалпы саны 364 болған, ал сайлау бюллетенін алғандардың саны - 337.
Сөйтіп, Қазақстан халқы ассамблеясынан парламент мәжілісінің құрамына Мұрат Ахмадиев (ұлты ұйғыр), Валерия Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Қайрат Садуақсов (қазақ), Рузакул Қалмуратова (өзбек), Людмила Хачиева (болгар), Виктор Цой (кәріс) сайланды.