Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар ассамблея туралы жеке заң жобасын жасау жөнінде бастама көтере алады - президент

"Ассамблеяның депутаттық тобының бастамасымен оның конституциялық мәртебесін ескере отырып, ол туралы жеке заң қабылдайтын кез келді деп ойлаймын",- деді президент.

Сонымен қатар, оның пайымдауынша, Қазақстан халқы ассамблеясы шетелдерде ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісін паш етуді жалғастыруға тиіс. "Ассамблея соңғы екі жылда қазақстанның көпұлттық, конфессияарадық келісім, діни, өркендеу туралы келіссөздерді табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы Қазақстанның тәжірибесін дәріптеу жөніндегі арнайы сыртқы саяси бағдарламаларға қатысуда. Ассамблея мүшелері әлемнің көптеген елдеріне, халықаралық ұйымдардың бас пәтеріне барып жүр және де осы жұмыстарды жалғастыру қажет",- деді Н. Назарбаев.