Ассамблея төрағасының орынбасары Жұматай Әлиевтің ұсынысы бойынша мынадай адамдар кандидаттыққа ұсынылды: Мұрат Ахмадиев (ұйғыр), Валерий Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Кайрат Садвакасов (қазақ), Рузакул Калмуратов (өзбек), Людмила Хачиева (болгар), Виктор Цой (кәріс).
"Біз кіші ассамблеялардың төрағаларымен ақылдастық. Үміткерлердің бұл құрамы тепе-тең. Онда ірі ұлттардың да, шағын этностардың да өкілдері бар", - деді Ж. Әлиев.
Өз кезегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "барлық ұлттардың өкілдері парламентті күшейте түсетіндігін" атап өтті. "Біз Қазақстандағы барлық халықтардың игілігі үшін осындағы барша ұлт-ұлыстардың мүддесін қорғайтын адамдардың атын ұсындық", - деді мемлекет басшысы. "Біз халықтардың теңдігі туралы тек сөз жүзінде ғана айтпай, оны іске асыруға да тиіспіз", -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті