Қазақстан халқы маусым айында 20,3 мың адамға артты

   1 шілдеге шаққанда 17 млн 284 мың 900 адамды құрады, деп статистикалық агенттік мәлімдеді.

Қазақстанда маусым айында халықтың табиғи өсімі 22 мың 46 адамды құрады, жалпы алғанда қаңтар-маусым айларында - 126 мың 415 адамды құрады.

Елдегі демографиялық жағдайдың өзге сипаттамалары бойынша уақытша көрсеткіштер мынадай: бала туу – 33 мың 137 адам және 193 мың 303, кісі өлімі – 11 мың 91 адам және 55 мың 797 адам.

Статистика агенттігі мәлімдегендей, 2014 жылдың маусым айында республикада 15 мың 52 неке, 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында – 683 мың 435 неке қиылды.


2014 жылдың маусым айларында 4 мың 600 ажырасу, қаңтар-маусым айларында - 25 мың 231 ажырасу тіркелді.

2014 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан 181 мың 564 адам басқа елдерге көшіп кетсе, – 179 мың 225 адам елге қоныс аударды.