Қазақстан Халық банкі 2004-жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша 1,6 млрд. теңгенің таза пайдасын тапты

2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен Халық банкінің активтері 273,809 млрд. теңгеге, жарғылық қоры 9,9 млрд. теңгеге, жеке капиталы 22,5 млрд. теңгеге жетті. Нетто несиелік қалдықтар бойынша тұтынушыларға берілген несие мөлшері

174,0 млрд. теңге болды. Тұтынушылар депозитінің жалпы көлемі 163,9 млрд. теңгені, соның ішінде тұрғындар салымының мөлшері 89,5 млрд. теңгені құрады. Ал тұрғындардың мерзімді салымдарының мөлшері 65,9 млрд. теңгеге тең.
Қазіргі жағдаймен банктің айналымдағы төлем карточкаларының жалпы саны 1,3 млн. бірлікті құрайды, бұл республика көлеміндегі банктер шығарған жалпы карточкалар санының 65 процентіне тең. ТМД аумағында Ресейдің "Сбербанкі" мен Украинаның "Приват банкі" шығарған төлем карточкаларының саны осы шамада.
Халық банкінің төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету желісінде 418 банкомат, 1909 POS-терминал мен 1076 импринтер бар.
2004-жылы Қазақстан Халық банкі банкоматтар санын 100-ге арттыруды көздеп отыр.