Оның айтуынша, "Қайрат банк" АҚ акцияларының толық қоржыны үшін Қазақстан Халық банкі 1 млн. 250 мың АҚШ долларын ұсынған.
Сөйтіп , Қазақстандық банкке басқалардан артық деп саналған сатып алушы деген мәртебе беріліп, оған келіссөздер жүргізіп, келісімге қол қоюға мұрсат берілді. Тендер толыққанды аяқталды деп саналмай тұрғанда Халық банкі Қазақстан мен Қырғызстанынң Ұлттық банктерінен сауда-саттықты рәсімдеуге рұқсат алуы тиіс.
"Қайрат банк" Ашық үлгідегі акционерлік қоғамы банкроттыққа ұшыраған "Бішкек Крамдс банк" және "Мақсат" банктері салымшыларының мүддесін қорғау үшін 1999-жылы құрылған. Банк құрылтайшысы - Қырғызстан Ұлттық банкі. "Қайрат банк" Ашық үлгідегі акционерлік қоғамының жарғылық қоры 170 млн. сомды құраса, акциялары 340 мыңға жетеді. 2002-жылдан бері банк шығынсыз жұмыс істеп келеді.