Қазақстан Халық банкі басқармалары төрағасының орынбасары Колпаков "отбасына қатысты себептерге байланысты" қызметінен босатылды - ҚР Халық банкінің төрағасы

Г.Марченконың айтуынша, "кеше К.Колпаков банкте соңғы күн жұмыс істеді. Ол ұзақ уақыт бойына отбасынан жырақта жүре алмады. Өз елі- Ресейге қайта оралды",- деді Халық банкінің төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, К.Колпаков 1998-жылдан бері банк саласында қызмет етеді. Атап айтсақ, ол 1998-жылдан бері "Каспийский банкі" ААҚ басқармалары төрағасының орынбасары және директорлар кеңесінің төрағасы болып істеді. 2000-2002-жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі басқармалары төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2002-2005-жылдар аралығында Ресейдің "Петрокоммерц" Банкі" ААҚ-ның аға вице-президенті болды. 2005-жылдың қаңтар айында К.Колпаков Қазақстан Халық банкі басқармаларының құрамына енді.