Қазақстан Халық банкі Қытайдың Құрылыс банкінде корреспонденттік есепшот ашты

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға екі елдің шекаралық аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға түрткі болатын корреспонденттік байланыстар орнатудағы алғашқы қадам болмақ.

"Елбасының биылғы мамыр айындағы Қытайға сапары барысында екі мемлекеттің шекаралық еркін сауда аймағын құру, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың коммерциялық банктері арасында әріптестік байланыстар орнату туралы мәселе талқыланған",- деді төрағаның орынбасары.
Қазақстан Халық банкі Қытайдағы өз бизнесін дәл осы шекаралық аймақта дамытуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, М.Зайыровтың айтуынша, алдағы уақытта банк Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық келісім-шарттарын қаржыландыруға несиелік лимит алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.