Қазақстан Халық банкінің зейнетақы жинақтаушы қорының активтері 1 млрд. доллар немесе еліміздегі жалпы зейнетақы активтерінің 25 процентіне жетті

2005-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен Қазақстан Халық банкінің зейнетақы жинақтаушы қоры салымшыларының саны 1,276 млн. адамға жетіп, бір жылда 10 процентке өсті. Зейнетақы жинақтаушы қор басқармаларының төрайымы Кәмила Арыстанбекованың айтуынша, зейнетақы жинақтарының 23,7 процентін болашақ зейнеткерлердің салымына қосылатын инвестициялық кіріс құрайды.