Н.Назарбаевтың айтуынша, Қырғызстанда соңғы кездері болған оқиғалардың түп-тамырын "тұрмыс деңгейінің төмендігінен іздеген жөн". "Бұл елде болған оқиғаны төңкеріс деп атауға келмейді",- деді президент.
"Бауырлас Қырғыз халқы үшін жан ауыртарлық өкініш бұл",- деп атап көрсеткен Елбасы көршілес мемлекеттегі ахуал таяу уақыттарда тұрақтанады дегенге сенім білдірді.