Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас конференциясының Венада өтіп жатқан 52-ші сессиясына қатысуда

Қазақстан өкілдерінің құрамында Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Жантикин, СІМ қызметкерлері мен "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК АҚ-ның Венадағы өкілдігінің қызметкерлері бар.

4 қазаға дейін созылатын конференция барысында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Мохаммед эль-Барадейдің агенттіктің 2008 жылғы жұмысы туралы есебі, ұйымның болашақ қызметінің бағдарламасы, атом энергетикасы саласын одан әрі дамыту перспективасы, атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану бағыттары талқыланады.