Қазақстан халықаралық экономикалық және аймақтық байланыстар жүйесіне табыспен кіріге бастады - ҚР президенті

Елбасының жолдауда атап көрсеткеніндей, "Қазақстан ел экономикасын құрылымдық және институционалдық қайта құруға, шетелдік инвестиция тартуға бағытталған мақсатты саясат жүргізуінің арқасында ілгерілеушілікке қол жеткізді".

Н.Назарбаев "Қауымдастықпен өзара ынтымақтастық орнату - Азия және Мұхиттар аймағындағы елдермен қарым-қатынас тетігіне айналып, әріптестікке және аймақ елдері арасындағы қаржылық-экономикалық байланысты нығайтуға қосымша серпін береді" дегенге сенімді. Қазақстан мемлекет басшысы "форум Азиядағы интеграциялану құбылысына және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас аясын кеңейтуге түрткі болады" дегенге сенім білдірді.
Елбасы форум жұмысына табыс тіледі.