Қазақстан "Халықаралық сауда" индикаторы бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде 21 позицияға көтерілді

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы Қазақстанның Doing Business рейтингіндегі, сондай-ақ, Жаһандық логистикалық тиімділік рейтингіндегі (LPI) позициясын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараллар туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Doing Business рейтингінде "Халықаралық сауда" индексі бойынша жауапты болып табылады. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде "Халықаралық сауда" индикаторы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 123 орыннан 21 позицияға көтеріле отырып, 102 орында тұр. Позицияны жақсартуға электрондық кедендік декларациялауды енгізу, кедендік ресімдеу үшін алым мөлшерлемесін төмендету және кедендік бақылауды ресімдеу кезеңінен кеденнен кейінгі бақылауға көшіру шаралары әсер етті. Сонымен қатар, көрсеткіштердің одан әрі жақсаруына қабылданған бірқатар шаралар әсер етуі мүмкін, бірақ олар әлі ескерілмеген: Декларация үшін кедендік алымдар мөлшерлемелерін (декларацияның негізгі парағы үшін 19 000 теңгеден және қосымша парақ үшін 7 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін) төмендету (2018 жылғы қараша). Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мүмкіндігін енгізу (уақыты 1-3 жұмыс күнінен 5-7 минутқа дейін қысқарды). Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезені (2019 жылғы 27 наурыз) іске қосу. Жұмысты 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінде "Бірыңғай терезе" компоненттерін тестілеу жүргізілуде.

Вице-министрдің айтуынша, бизнес ортаны жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің сегізінші пакетін қалыптастыру шеңберінде деректерді қорғау, мемлекеттік мекемелер арасында деректер алмасуға және жеткізуге өкілеттіктер, сәйкестендіру, аутентификация және авторизациялау, деректер сапасы мәселелері, электрондық құжаттар, электрондық мұрағаттау, зияткерлік меншік құқығы және деректер базасына меншік құқығы және басқалар бойынша ұсыныстар енгізілді. Оларды шешу үшін 10-нан астам заңдарды өзгерту қажет. Қазан айында өткізілген реформаларды талқылау және оларды іске асырылған шараларға есепке алу үшін Вашингтон қаласындағы Дүниежүзілік Банктің сарапшыларымен кездесу өткізу жоспарланған. Дүниежүзілік банктің "Сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы" рейтингінде Қазақстан 71-орында тұр. Қазақстан Республикасының аталған рейтингтегі ұстанымын жақсарту шеңберінде Сауда және интеграция министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, ел ішінде сауданы дамытуды және сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған көп форматты сауда-бөлу инфрақұрылымын құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Ел ішінде жүйе өркениетті сауда үшін жағдай жасауға, халықтың жеткілікті сауда инфрақұрылымымен және тауарлардың үлкен ассортиментімен қамтамасыз етілуін арттыруға, халық тұтынатын тауарларға бағаны төмендету үшін нарықта бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Экспортты дамыту шеңберінде жүйе тауарларды өзара жеткізуді, олардың Қазақстан арқылы транзитін қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа елдерге экспорттау үшін біздің көршілерімізбен бірлесіп өндірушілердің бірыңғай пулын құру үшін негіз болады.

Бүгінгі күні сауда-тарату жүйесін құру үшін 2019 жылы аяқтау мерзімімен Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында 5 көтерме-тарату орталығын салу жүзеге асырылуда. 2020 жылы 3 өңірде - Алматы, Ақтөбе және Семей қалаларында жалпы көлемі 96 мың шаршы метр құрайтын тарату орталықтарын салу жоспарлануда. 2018 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 26 көлік-логистикалық орталықтары қолданыста, 2022 жылға дейін қосымша жалпы алаңы 1 067 065 шаршы метр құрайтын 14 көлік-логистикалық орталық салу жоспарлануда. "Біздің Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі - көліктік-логистикалық және сауда инфрақұрылымдарын біріктіру. Осындай инфрақұрылымдық объектілерінің саны және сапасы ұлғаюына қарай сауда шығындарын қысқарту әсері күшейтілетін болады. Бағалардың төмендеуі тұтынушы үшін тікелей әсер етеді", - деді А. Аскарұлы.


Сонымен қатар вице-министр LPI рейтингінің фокусы үнемі өзгеріп отыратынын атап өтті. 2007 жылы рейтинг тек жарияланған кезде, ол, бірінші кезекте, сауданы оңайлатуға және шекарадағы кедергілерді жоюға бағытталған. Бүгінде рейтинг ішкі логистика факторларымен: жеткізу тізбегінің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, дағдылар мен оқыту, қоршаған ортаға әсері өзара байланысты. LPI рейтингісінде елдің ұстанымын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі жүктерді қадағалау мүмкіндігінің көрсеткіші бойынша Астана-1 ақпараттық жүйесінде импорттық-экспорттық операциялар жүйесін елдің көлік-логистикалық жүйесімен ықпалдастыруға мүмкіндік беретін электрондық жүйені енгізу мәселелерін пысықтауда. "Біз рейтингтегі позициялардың жақсаруын тек шетелдік инвесторларды тарту үшін ғана қадағаламаймыз. Біздің негізгі міндетіміз – жолдарды жақсарту, тауарларды сақтаудың жаңғыртылған инфрақұрылымын құру, халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің шекарадан тез және ыңғайлы өтуі арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру", — деп түйіндеді сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы.