Қазақстан халықтар ассамблеясының кезекті сессиясында Украинадағы ахуал талқыланады

Бұл туралы Ассамблея төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

«Бейбітшілік пен келісім мәселесі Ассамблеяның күнтәртібінен ешқашан түскен емес. Сондықтан, бұл тақырып сөзсіз талқыланады. Сессияның «Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият пен келісім мәдениеті» деген атауының өзі осыдан хабар беріп тұрса керек», - деді Е.Тоғжанов жұма күні журналистерге.

Жиын 18-сәуір күні Астанада қаласында өтеді.